Жаз

Жаз — жылдың төрт мезгілінің бірі. Бұл кезде Жер шары өз орбитасының жазғы күн тоқырау нүктесінен күн мен түннің күзгі теңелу нүктесіне дейінгі аралығында болады.
Сипаттамасы
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Астрономиялық тұрғыдан жаз 93 күнге (23. 6. – 23. 9) созылады. Әдетте, Жер шарының солтүстік жартысында маусым, шілде және тамыз жаз айлары болып есептеледі. Жаз — жан-жануарлардың тіршілігіне жайлы, шаруашылыққа қолайлы кез. Жазда табиғат жадырап, күн ұзақ және жылы болады. Мал семіреді, егін бойлап өседі, ауыл шаруашылық, құрылыс, тасымал және т.б. жұмыстары қауырт жүргізіледі.
Қазақстандағы жаз
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Қазақстан жерінің жазғы сипаты біркелкі емес; ауа райы жаз айларында оңтүстік облыстарда ыстық, солтүстік облыстарда қоңыржай жылы болып келеді. Бұл жайт шаруашылыққа да әсер етеді. Кейде, күнделікті тұрмыста, көктем мен күздің жылы кезеңдерін қосып, жазды 6 ай деп есептейді. Алайда ауа райы бойынша Қазақстанның оңтүстік облыстарының жазы 6 айдан артық, солтүстік облыстарының жазы 6 айдан кем болып отырады.[1]
Басқа аймақтарда
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Жаз әр аумақтағы ауа температурасы едәуір жоғары болатын жыл уақыты, климат маусымы. Астрономиялық ұғым бойынша жазғы Күн тоқырауынан күзгі күн мен түннің теңесуіне (Солтүстік жарты шарда 21-22 маусымнан 23 қыркүйекке дейін, Оңтүстік жарты шарда 21—22 желтоқсаннан 20—21 наурызға дейін) дейінгі уақыт аралығы; Солтүстік жарты шарда - маусым, шілде, тамызды, Оңтүстік жарты шарда — желтоқсан, каңтар, ақпанды жазғы айлар деп атайды. Жаздың ұзақтығы климаттық және фенологиялық маусым ретінде төменгі ендіктерден жоғары ендіктерге қарай қысқарады. Экваторлық белдеуде Жаз үздіксіз жыл бойына созылады. Субтропиктік белдеулерде Жаз 5 айға, қоңыржай белдеулерде 3 айға созылады, полюстік ендіктерде 1—2 айдан аспайды.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
| ||||||||||||||||||
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |