Qatar Airways
| Qatar Airways القطرية | ||
|---|---|---|
| ИАТА QR | ИКАО QTR | Шақыру белгісі QATARI |
| Құрылған жылы | 22 қараша 1993 | |
| Қызметін бастады | 20 қаңтар 1994 | |
| Хабтар | Хамад халықаралық әуежайы | |
| Альянс | Oneworld | |
| Әуе паркінің саны | 234 | |
| Ұшу бағыттарының саны | 173 | |
| Компания ұраны | Going places together (Бірге саяхаттайтын боламыз) | |
| Штаб-пәтері | ||
| Басшылары | Акбар Әл-Бакер (CEO) | |
| Сайты: qatarairways.com | ||
Qatar Airways (араб.: القطرية) — Катардың мемлекеттік әуе компаниясы. Штаб-пәтері Доһадағы Qatar Airways Tower-те орналасқан.
Әуе компания 160-тан астам халықаралық бағыттарға ұшады. Qatar Airways британдық Skytrax агенттігінің мәліметтері бойынша бес жұлдызды әуе компанияларының бірі болып табылады[1]. Дәл осы ұйымның шешімімен Qatar Airways 2021 жылы 6-шы рет әлемнің ең үздік әуе компаниясы атанды. Oneworld – жолаушылар авиациясы альянсының мүшесі. Qatar Airways 2021 жылы бұрын-соңды болмаған алтыншы рет (бұрын 2011, 2012, 2015, 2017, 2019) әлемнің үздік әуе компаниясы атағын жеңіп алып, сөзсіз сала көшбасшысы болып қала береді.[2]
Маршруттық желі
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]2017 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша Qatar Airways Африка, Азия, Еуропа, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия және Океаниядағы 160-тан астам бағытқа қызмет көрсетеді.
2017 жылдың 6 ақпанында Qatar Airways Boeing 777 ұшағы Дохадан Оклендке дейінгі ең ұзақ тоқтаусыз коммерциялық рейсті жасады. 16 сағат 20 минутта лайнер 14500 шақырым қашықтықты жүріп өтті.[3]
Флот
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]2018 жылдың 20 ақпанында Qatar Airways өзінің алғашқы Airbus A350-1000 ұшағын жеткізді.
Дереккөздер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- ↑ The World’s official 5-Star Airlines™ — SKYTRAX. Басты дереккөзінен мұрағатталған 15 сәуір 2021. Тексерілді, 21 маусым 2021.
- ↑ Qatar Airways - «Авиакомпания года»: в 6-й раз! (орыс.). Вести туризм. Басты дереккөзінен мұрағатталған 2 қазан 2021. Тексерілді, 2 қазан 2021.
- ↑ Рейс "Доха-Окленд" стал самым длинным в истории (орыс.). Тексерілді 24 маусымның 2018.
| Бұл — әуежайлар туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |