Мазмұнға өту

VG-lista

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

VG-lista — апта сайын VG газетінде жарияланып, NRK норвег телерадиокомпаниясының Topp 20 бағдарламасында көрсетілетін Норвегияның негізгі музыкалық чарты. Бұл елдегі жетекші хит-парадта отандық және шетелдік әртістердің альбомдары мен синглдері қамтылады.

Сатылым деректерін Nielsen SoundScan International компаниясы Норвегия аумағындағы жүзге жуық сауда дүкенінің көрсеткіштері негізінде жинақтайды.

Айта кетсек, синглдер чарты 1958 жылдың 42-аптасында ең үздік 10 туындыдан бастау алып, 1995 жылдың 5-аптасында 20 позицияға дейін ұлғайтылды. Ал альбомдар чарты 1967 жылдың 1-аптасында үздік 20 болып іске қосылып, кейіннен 40 позициялық тізімге дейін кеңейтілген болатын.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]